«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың бойында 1535 қызмет көрсету нысандары бар екенін хабарлайды, оның 1265 бірлігі немесе 82%-ы Ұлттық стандарттың талаптарына сай келеді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2023-2032 ж. арналған Даму жоспары аясында 2024 жылға қойылған мақсаты Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының үлесін 90%-ға дейін жеткізу. Жыл басынан бері 12 жаңа қызмет көрсету нысандары қолданысқа берілді, оның ішінде 8 жанармай бекеті, 3 кафе және 1 көпфункционалды кешен. Биыл жылдың соңына дейін тағы да 36 жаңа кәсіп нысанын ашу жоспарланып отыр, оның ішінде 22 жанармай бекеті және 14 тамақтану нысаны.
Бүгінгі күні республикалық жолдардың бойында 1362 демалыс алаңдары мен аялдама орны бар, оның ішінде 618 алаң және 744 аялдама орны. Бұл орындарда 108 санитарлық-гигиеналық тораптар бар, оның 24-і 2023 жылы қолданысқа берілді.
Сонымен қатар, 712 салқын әжетхана орналасқан, оның 39-ы 2023 жылы қайта жөндеуден өтті. 2024 жылы қосымша 48 санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату және 50-ге жуық салқын әжетханаларды қайта жөндеу жоспарланған.
Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың бойынша электр қуаттағыш стансаларының инфрақұрылымын дамыту шаралары қарастырылып жатыр. Электр қуаттағыш стансаларын орнататын мердігерлермен осы стансаларды орнату үшін демалыс алаңдары анықталды. Бүгін де республикалық автожолдардың бойында 40-қа жуық электр қуаттағыш стансалары бар және қосымша 16 демалыс алаңдарында оларды орнату жұмыстары жоспарлануда.
Республикалық маңыздағы автожолдардың бойында 90 сауда орындары бар. Демалыс алаңдарында сауда жүргізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында Макинск және Щучинск қалаларының және Қаражар ауылына апаратын жолдардың бойында 20 жарықтандырылған павильондар орнатылды. Жол пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында демалыс алаңдарына 500 м-ге дейін аралықта арнайы ақпараттық бағандар соғылды.
Жол бойындағы қызметтердің сапасын жақсарту және санитарлық-гигиеналық тораптардың тазалығы бойынша тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қолданушылардың ұсыныстары мен шағымдарына тез кері байланыс орнатылды.
Жергілікті халықты республикалық маңыз бар автожолдардың бойындағы демалыс алаңдарында орналасқан павильондарда кәсіп жүргізу үшін 1403 байланыс орталығы арқылы қолдау шаралары ұйымдастырылып жатыр.