Халықтық бақылау"жобасы барысында қатысушылар "Балқаш-Бұрылбайтал" автожолының 1855-1905 шақырымы аралығындағы учаскесіне тексерумен шығып, асфальтбетон жабынында ақауларды анықтады. Атап айтсақ, шұңқырлар, қабыршықтану және басқа да ақаулар анықталды. Олардың жалпы ұзындығы 7 шақырым, барлығы 7 нысан.
Аталмыш ақаулар жазғы мезгілде күннің қатты ыстық (маусымдағы +40-тан +45-ке градусқа дейін) болуына және осы учаскеде ауыр жүк көліктерінің қарқынды қозғалысына байланысты пайда болды.
Анықталған ақаулардың негізінде кепілдік мерзімі аясында оларды жою жоспары әзірленіп, барлық жұмыстар мердігердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Шаралар жоспары аясында анықталған ақауларды фрезерлеу, тазалау және сыртқы жабынға қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон төсеу жұмыстары қарастырылған. Ақауларды жою жұмыстары 2024 жылғы 10 тамызда басталмақ.
Қазіргі таңда учаске кепілдікте, оның мерзімі 2024 жылғы қараша айының соңына дейін.
Жаңалықтар
