icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

БҚО-да «Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолының 95-138 шақырымы аралығындағы учаскесінде (ұзындығы 42,2 км) күрделі жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлайды.
   
Бүгінгі күні 95-138 шақырым аралықта жолдық киім қабаттарын орнату бойынша жұмыстар сәтті аяқталып, екі қабаттан тұратын асфальтбетон жабыны төселіп және 17 суөткізгіш құбыры орнатылды.
 
Құрылыс маусымының басынан бері жобаны жүзеге асыру үшін 85 бірлік арнайы жол-құрылыс техникасы мен 150-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Сонымен қатар, 100 мың тоннадан астам асфальтбетон қоспасы төселді.
  
Қазіргі таңда жол жиектерін нығайту, өтпелерді орнату мен жолды абаттандыру, оның ішінде жол белгілері мен таңбалау жұмыстары жалғасуда.
  
Жоба аясында модульді санитарлық-гигиеналық торабы бар демалыс алаңдарын орнату қарастырылған.
 
2024 жылдың соңына дейін жобаны толықтай аяқтау жоспарланған.