icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында «Подстепное-Федоровка» автожолының қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жалғасуда

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бюджеттік жобаларды жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында ұзындығы 71,2 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Подстепное-Федоровка» автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қайта жаңарту жобасы екі учаскені қамтиды: 0-36 шақырым және 108-144 шақырым. Жалпы ұзындығы 71,2 шақырымды құрайтын автожолдың 13,8 шақырымына үстіңгі қабатта қиыршық тасты-мастикалық асфальт төселсе, ал 48,5 шақырымында төменгі қабатта ірі түйіршікті тығыз асфальтбетон төселді.

Негізгі көлік қозғалысы жолдың 36 шақырымында ашық (жабынның төменгі қабаты бойынша).

Қазіргі таңда жол төсемі мен жолдық киімінің құрылымдық қабаттарын салу, жасанды құрылыс нысандарын (көпірлер, көлік қиылыстары, құбырлар) соғу жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай-ақ 100 мың тоннадан аса қиыршық тас, 140 мың тоннадан аса құм мен қиыршық тас қоспасы, 6 мың тоннадан аса битум мен 1,44 мың м3 темірбетон бұйымдары секілді жол-құрылыс материалдары әзірленді. Көктемдегі су тасқынынан жол элементтері қайтадан қалыпқа келтіріліп жатыр.

Жобада үш көлік айрығын, екі көпір мен 80 суөткізгіш құбыр соғу қарастырылған.

Учаскелерге 180 бірлік жол-құрылыс техникасы, 200-ден аса жұмысшы, екі асфальтбетон зауыты мен екі топырақ араластырғыш зауыт жұмылдырылды.

«Подстепное-Федоровка» автожолының қайта жаңарту жұмыстарын 2025 жылдың ІІІ тоқсанына дейін аяқтау жоспарлануда.