«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Жәңгір ханның резиденциясына апартын жолды жөндеп жатыр. Жол-құрылыс жұмыстары Р-56 «Хан Орда ауылына кіреберіс» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-21 шақырымы аралығы учаскесінде жүргізілуде. Бұл учаске республикалық маңызы бар «Өнеге-Бисен-Сайқын-РФ шекарасы» автожолы мен Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Хан Ордасы ауылын байланыстырып жатыр.
Аталған автожол учаскесі IV техникалық санатқа жатады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайды. Жүргін бөлігінің ені – 6 метр, ал жолдың жағасы әр жақтан 2 метрден тұрады.
Жол жабынына қалыңдығы 6 сантиметр ыстық асфальтбетон қоспасын салу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда 17 шақырымда жолдық киімді белгілеу және профильді түзету жұмыстары орындалды. Аталмыш шараға 14 бірлік арнайы техника мен 22 жұмысшы жұмылдырылды.
Жақын арада жолдың негізін төсеу жұмыстары басталып, артынан асфальтбетон жабыны төселетін болады.
Айта кету керек, бұл жол өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
