«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 1381 шақырымында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді салу бойынша құрылыс жұмыстарын атқаруда.
Бұл көпір қала мен облысты байланыстырады: сол жағалауы республикалық маңызы бар автожолға қарасты, ал оң жағалауы Павлодар қаласының маңында орналасқан және елді мекеннің көшесі болып саналады.
2024 жылға арналған жұмыс жоспары:
- Бұрғыланған қадаларды орнату – 222 дана;
- Монолитті бетоннан жасалған ростверкті орнату – 1628 текше метр;
- Жер жұмыстары – 145 мың текше метр.
Учаскеде офистік ғимарат пен зертхана салынды, сондай-ақ арнайы техника (51 бірлік) мен жұмысшылар (184 адам) бар.