icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Шамалған стансасының айналма жолының» қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылды

2024 жылғы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Шамалған стансасының айналма жолы» автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарын аяқтап, ресми түрде көлік қозғалысын ашты. Бұл жол төрт жолақты және І-б техникалық санатына жатады.

Ұзындығы 6 шақырым болатын учаске «Орталық-Оңтүстік» (Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы) көлік дәлізінің негізгі құрамдас бөлігі және еліміздің көлік инфрақұрылымының дамуында маңызды рөлді атқарады.  

Қайта жаңарту жұмыстары барысында толық кешенді жұмыстар атқарылды: жер төсемінорналастыру, теміржол торабы арқылы өтетін эстакада, өтпежол, екі көлік қиылысы, суөткізгіш құбырлар секілді жасанды құрылыстар салынды. Бүкіл учаске бойынша жолдың үстіңгі қабатына қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон төселді. Сондай-ақ әрлеу жұмыстары аяқталды: жарықтандыру және суөткізгіш жүйесі орнатылды, жол белгілері, тосқаулардар мен таңбалау жұмыстары жүргізілді. Жолдың қолданыстағы учаскелерінде бекіту және орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

2024 жылдың басынан бері жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары белсенді жүргізілді, оның ішінде қиыршық тас, құм, темірбетон конструкциялары, тосқауылдар мен қоршаулар, жол белгілері мен жарықтандыру элементтері.

Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде белгіленген мерзімде құрылыс аяқталып, транзиттік қозғалыстың уақытылы ашылуына мүмкіндік берді.

Жобаны жүзеге асыру үшін асфальтбетон және бетон араластыру зауыты, 81 бірлік техника мен 256 жұмысшы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 5 қыркүйекте Ақтөбе облысында ұзындығы 66 шақырым құрайтын «Қандыағаш-Мақат» республикалық маңыздағы автожолдың учаскесінде және 123 шақырым болатын 8 орташа жөндеу учаскесінде көлік қозғалысы ашылды.

2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тағы 244 шақырым жолды ашу жоспарланған: Қарағанды облысында 164 шақырым (Қарағанды-Балқаш), Жамбыл облысында 62 шақырым (Бұрылбайтал-Ақсүйек) және Ақтөбе облысында 18 шақырым (Қандыағаш айналма жолы).

2024 жылы 3,1 мың шақырым республикалық автожолдарда қайта жаңарту және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде 1,5 мың шақырымда жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады.