icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 39 млн астам рет жүріп өтті

2024 жылдың басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 39 млн астам рет жүріп өтті. Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етпей, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді.
 
Ең көп жүретін бағыт Шымкент-Өзбекстан шекарасы жолы, онда 6,6 млн сапар тіркелді. Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын бұл маршрут транспорттық дәліздің маңызды бөлігі әрі екі ел арасында экономикалық байланыстың дамуына маңызды.
 
Келесі жолдар жақсы қозғалыс қарқындылығын көрсетті:
 
1. Шымкент — Өзбекстан шекарасы: 6,6 млн сапар
 2. Алматы — Қонаев: 4,8 млн сапар
 3. Шымкент — Тараз: 4,4 млн сапар
 4. Тараз — Қайнар: 3,6 млн сапар
 5. Шымкент — Қызылорда: 3,3 млн сапар
 6. Астана — Теміртау: 2,9 млн сапар
 7. Қонаев — Талдықорған: 2,7 млн сапар
 8. Астана — Щучинск: 2,5 млн сапар
 9. Щучинск — Көкшетау: 1,9 млн сапар
 10. Астана — Павлодар: 1,7 млн сапар
 11. Алматы — Қорғас: 1,6 млн сапар
 12. Көкшетау — Петропавл: 1,1 млн сапар
 13. Павлодар — Семей — Қалбатау: 887 мың сапар
 14. Орал — РФ шекарасы (Самараға): 637 мың сапар
 15. Павлодар — РФ шекарасы (Омбыға): 590 мың сапар
 16. Орал — РФ шекарасы (Саратовқа): 363 мың сапар
 17. Бейнеу — Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы): 152 мың сапар
 
Ақылы жолдарға деген мұндай жоғары сұраныс, жол инфрақұрылымының дамуына жаңа серпін береді. Жолдардың сапасын арттыру тек көлік қарқындылығының өсуіне ғана емес, сондай-ақ заманауи жол желілері бар аймақтардың экономикалық өсуіне ықпалы етеді.