icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Қызылорда-Сексеуіл" республикалық маңызы бар автомобиль жолының қайта жаңарту жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

2024 жылғы 10 қазанда республикалық маңызы бар М-32 "Қызылорда-Сексеуіл" автомобиль жолының 1806-1337 шақырымын қайта жаңарту жобасы бойынша ашық отырыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Аталмыш шара келесі мекенжайларда өтеді:

1. 2024 жылғы 10 қазан сағат 09:00-де Тереңөзек ауылы, Д.Қонаев көшесі, 8 үй, Мәдениет үйі;

2. 2024 жылғы 10 қазан сағат 11:30-да Жалағаш ауданы, Жалағаш ауданның экономика және қаржы бөлімінің мәжіліс залы;

3. 2024 жылғы 10 қазан сағат 15:30-да Жосалы ауылы, Қорқыт ата көшесі, 1 үй, Жосалы ауылының әкім аппаратының мәжіліс залы.

Барлық сұрақтар бойынша:
8-7242-26-25-37,8-717-272-98-45.