icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

2024 жылдың басынан бері автожолдардың құрылысына 954 мың тоннаға жуық битум қолданылды

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарына 954 мың тоннаға жуық битум қолданылды. Оның 706 мың тоннасы отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілді (ПМХЗ, Каспий битум, Qazaq Bitum және Асфальтобетон), ал 248 мың тоннасы көрші елден импортталды.

Бұл көрсеткіштер еліміздің жол инфрақұрылымын с уда битуммен қажетті көлемде қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында жол битумы маңызды құрамдас бөлікті атқарып, жол жабынын ұзақ әрі берік қолдануға мүмкіндік береді. Республикалық және жергілікті жол жобаларында отандық және импорттық битум пайдаланылады.