icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» мамандары Түркістан облысында автожолдың орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтады

2024 жылғы 29 қыркүйекте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиал мамандары республикалық маңызы бар А-15 «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Абай – Сарыағаш – Қапланбек – Жібек жолы» автожолының 74-220 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтады.
 
Автожолдың 212+600 шақырымында 1600 м2 (200 метрге жуық) ауданда жаңадан төселген қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетонның ығысуы түріндегі ақаулар анықталды. Аталмыш учаскеде жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС атқарып жатыр.

Мердігер мекемеге барлық анықталған ақауларды жою және сол жұмыстардың сапасы мен қорытындысын растау үшін арнайы аккредиттелген зертханалар мен институттардан растайтын құжатты ұсыну тапсырылды.

Қазіргі таңда ақауларды автожол учаскесінде ақауларды жою жұмыстары атқарылып жатыр. Келісімшартқа сәйкес мердігерге анықталған кемшіліктер бойынша айыппұл салынды.