icon
Карталар Тілдерді дамыту
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

СҚО-да Р-58 «Булаево - Возвышенка - Молодогвардейское - Кирово - Қиялы – Рощинское» автожолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы арқылы өтетін Р-58 «Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинско» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 24-62 шақырымы аралығындағы (ұзындығы 38,4 шақырым) учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады.
 
Жөндеу жұмыстары аясында мамандар жүріс бөлігінің пайдалану сипаттамаларын (ені 7,0 м) қалпына келтірді. Суық қайта өңдеу әдісімен негізді орнату бойынша жұмыстар орындалып, жаңа асфальтбетон жабыны төселіп, сондай-ақ жолдың жиектері жабдықталып, белгілері қойылды. Қосымша үш автопавильон мен 140 жол белгі ауыстырылды.
 
Аталмыш жұмыстарға 35 жұмысшы мен 20 арнайы техника жұмылдырылды.
 
Автожолдың бұл учаскесі III техникалық санатқа жатады. 2024 жылғы IV тоқсандағы жағдай бойынша қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 1342 автокөлікті құрайды. Соңғы жөндеу жұмыстары 15 жыл бұрын жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін республикалық автожол қауіпсіздік пен қолайлы қозғалыстың заманауи талаптарына сәйкес келмеген.