Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі V Евразиялық форумның аясында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мен Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті жол саласының мамандарын даярлау бойынша Меморандумға қол қойды.
Құжаттың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді серіктестікті дамытып, оның аясында тараптар арасында өзара тиімді ынтымақтастықты орнату.
Бұл ынтымақтастық білім беру, ғылыми-инновациялық және зерттеу саласының дамуына, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталады.
Жаңалықтар


