icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Р-64 «Жітіқара – Чайковский» автожолының 12-27 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар Р-64 «Жітіқара – Чайковский» автомобиль жолының 12-27 шақырымы аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жөнделген учаскенің жалпы ұзындығы – 15 шақырым, жүру бөлігі – 6 метр, ал жолдың жағасы әр жағынан 1,5 метрді құрайды.

Орташа жөндеу барысында салқын ресайкілеу әдісімен негізді орнату жұмыстары жүргізіліп, учаскенің барлық ұзындығына қалыңдығы 6 см ыстық асфальтбетон жабыны төселіп, жолдың жағасы бекітіліп және жол белгілері сызылды.

Аталмыш жұмыстарға 40 жұмысшы мен 25 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.