icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Алматы-Қорғас» автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Көкпек-Көктал-Шонжы-Қорғас» автомобиль жолының 172-187 шақырымы аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Жөнделген учаскенің жалпы ұзындығы – 15 шақырым, жүру бөлігі 12,7 шақырым аралықта 8 метр, ал 2,3 шақырымда ал 20 метрді құрайды. Жолдың жағасы әр жағынан 2 метрді құрайды.

Орташа жөндеу барысында учаскенің барлық ұзындығына қалыңдығы 6 см ыстық асфальтбетон жабыны төселіп, жолдың жағасы бекітіліп және жол белгілері сызылды.

Жөндеу жұмыстарына 30 жұмысшы мен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.