icon
Карталар Тілдерді дамыту
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Р-10 "Астана айналма жолы" автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Р-10 "Астана айналма жолы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 30-36, 36-46 және 46-53 шақырымындағы учаскелерде орташа жөндеу жұмыстарын аяқтап жатыр.

Орташа жөндеу жұмыстары шеңберінде келесі жұмыстар орындалды: асфальтбетон жабынын тегістеу, қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон төсеу, жолдың жиегін бекіту, бағдаршамдарды орнату, тосқауыл қоршауларын құрастыру және бөлшектеу, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларын орнату.

2024 жылдың қазан айының соңына дейін жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.