icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Павлодар облысында «Омбы – Майқапшағай» автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Омбы – Майқапшағай» автомобиль жолының 228-240, 244-247, 249-255 және 264-278 шақырымдары аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарының аяқталғаны туралы хабарлайды. Жөндеуден өткен учаскелердің жалпы ұзындығы 35 шақырымды (таңдамалы учаскелер) құрайды.

Аталмыш жол ІІ техникалық санатқа жатады және Ресей Федерациясымен байланыстыратын Павлодар облысындағы ең негізгі күре жолдардың бірі.

Жөндеу жұмыстары аясында келесі жұмыстар атқарылды: жабынның үстіңгі қабатын тегістеу, жаңа асфальтбетон жабынын төсеу, ені 1,5 метр болатын жол жиектерін нығайту, сондай-ақ жол белгілерін салу.

Атқарылған жөндеу жұмыстары жолды қалыпты жағдайда ұстауға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.