Құрметті пайдаланушылар! 2024 жылғы 21-қазан сағат 23:00-ден бастап 22-қазан сағат 5:00-ге дейінгі аралықта KazToll жеке кабинеті, Sapar қосымшасы, ресми сайт және төлем жүйелерінде жоспарлы жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сол себепті, автокөліктің жеке балансын алдын-ала толықтыру қажеттілігі туралы ескертеміз.
Жоспарлы жаңартулар ақпараттық жүйелердің дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет міндетті шаралардың бірі болып табылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!