"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қарағанды-Балқаш бағытындағы республикалық маңызы бар Астана-Алматы автомобиль жолының учаскесінде қозғалыстың ашылғаны туралы хабарлайды. Ақсу ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі жаңадан ашылған төрт жолақты І техникалық санаттағы учаскенің ұзындығы 31 шақырым құрайды. Қазіргі таңда осы автожолдың 172 шақырымында қозғалыс ашық.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тосқауылдар мен уақытша жол белгілері, жылдамдық режимі және жол жұмыстары жүріп жатқаны туралы белгілер орнатылды.