icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрылбайтал» автожолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрылбайтал» автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында учаскесін қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды.
 
Жоба аясында 20 көпір мен суқұбырлар соғылып, 281 су өткізгіш нысан орнатылып, сондай-ақ демалыс алаңдарында 3 санитарлық-гигиеналық торап абаттандырылды.
 
«Меркі-Бұрылбайтал» қайта жаңарту жобасында 2 192 мың тонна асфальтбетон төселіп, 1020 адам мен 591 бірлік техника жұмылдырылды.
 
Келесі учаскелер кезең-кезеңмен аяқталып, қолданысқа берілді:
 
- «Шу-Хантау» (126-189 км) ұзындығы 62 шақырым, ІІ санат;
 
- «Хантау – Бұрылбайтал» (189-273 км) ұзындығы 81 шақырым, II санат;
 
- «Шу қ. айналма жолы» (90-126 км) ұзындығы 36 шақырым (4 шақырым Іб санатта, 32 шақырым ІІ санатта);
 
- «Меркі-Шу» (7-90 км) ұзындығы 82 шақырым, Іб санат.
 
 
Жаңа асфальтбетон жабынымен жолдың барлық ұзындығында көліктерге қозғалыс қамтамасыз етілді.