icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" жол саласындағы жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық теңгені енгізуде

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы бюджет қаражатын тиімді пайдалану және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар автожолдардың құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру аясында "Цифрлық теңге" платформасында пилоттық жобаны іске қосуда.

Жоба автомобиль жолдардың екі учаскесін қамтиды:
- Атырау облысында "Мұқыр-Құлсары" автожолының 31-42 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары;

- Павлодар облысында "РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай" автожолының 383-390 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары.

 
Пилоттық жоба аясында жол жөндеуге бөлінген қаражат цифрлық теңге платформасында таңбаланады. Бұл мердігерлерден бастап соңғы өнім берушілерге дейінгі барлық кезеңде қаржыны мақсатты пайдалануға кепілдік береді.

Таңбаланған теңгені тек көрсетілген мақсаттарға жұмсауға болады. Оны қолма-қол шешуге немесе басқа да бағытта жұмсауға болмайды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол инфрақұрылымының сапасын арттыру мен оны дамыту мақсатында инновацияларды енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.