icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ нотариустар мен жеке сот орындаушыларын ақылы жолдар үшін берешекті өндіріп алу бойынша ынтымақтастыққа шақырады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ нотариустар мен жеке сот орындаушыларын ақылы жолдар үшін берешекті өндіріп алу бойынша ынтымақтастыққа шақырады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) даусыз негіздер бойынша жеке сот орындаушылардың және борышкерлерге қатысты атқарушылық жазбаларды шығару үшін нотариустар қызметіне жүгінеді.

Осыған байланысты, Қоғам «Нотариат туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс істеп тұрған нотариустар мен жеке сот орындаушыларын ынтымақтастыққа шақырады.

Толық ақпарат алу және одан әрі ынтымақтастық үшін мәлімет қалдыру үшін 1403 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласу қажет.

Ақпарат үшін: Жүргізушілерге сапарға ақы төлеу үшін ақылы учаскеден шыққан күннен бастап күнтізбелік 7 күн беріледі. ҚР ӘҚБтК-нің 628-бабына сәйкес төлемақыны уақтылы жасамағаны үшін жеке тұлғаларға 5 АЕК және заңды тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.