icon
Карталар Тілдерді дамыту
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Барлық өңірде – таза жол: «ҚазАвтоЖол» акцияға атсалысты
Барлық өңірде – таза жол: «ҚазАвтоЖол» акцияға атсалысты

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның барлық өңірлік филиалдары белсенді атсалысты. Аталған іс-шара аясында еліміздің әр өңірінде жол бойларын тазалау, қоқыстарды жинау, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Компания қызметкерлері табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын көрсете отырып, ортақ іске бір кісідей жұмылды.

Бұл акция тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұжымы осындай игі бастамалар арқылы еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуды жалғастыруда.