icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жамбыл облысында қоғамдық тыңдаулар өтеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді: - А-2 «Алматы-Ташкент-Термез», 239-476 шқ , 535-593 шқ (ұзындығы 237 шақырым). Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: Кордай ауданы - 15 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт) 

Меркі ауданы - 16 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт) 

Т. Рысқұлов ауданы - 16 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт) 

Тараз қаласы - 17 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт) 

Байзақ ауданы - 17 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт) 

Жамбыл ауданы - 18 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт) 

Жуалы ауданы - 18 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт) 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы: 

"ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz 

Инвестор: «Computer Vision Technologies”ЖШС info@cvtech.kz 

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы zhambyl.info@mail.ru 

Жобалық құжаттама орналасқан интернет-ресурстың мекен-жайы: 

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы QAJ.kz 

Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай: Тараз қаласы, Тауке хан көшесі 1а. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы. Тел: 8(7262)31-60-04 

Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87. 

Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, zhambyl.info@mail.ru.  

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері:

"Дизайнер": ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» Директоры Асматуллаев Р.Б. 

Әзірлеуші: Филатов Д. Инвестор: «Computer Vision Technologies» ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков 

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.