icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Хабарландыру

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ А-3 «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Қапшағай-Талдықорған» 67-259 шақырым бөлігінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді: 

Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тестік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: Қапшағай қаласы - 10 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Қапшағай қаласы, әкімшілік ғимараты, мекен-жайы: Жамбыл көшесі №13. 

Кербұлақ ауданы - 10 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт), Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, әкімшілік ғимараты, мекен-жайы: Б. Момышұлы көшесі №10. 

Талдықорған қаласы - 11 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Талдықорған қалалық әкімшілік ғимараты, акт залы, мекен-жайы: Абай көшесі №256. 

Көксу ауданы - 12 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Көксу ауданы, Балпық би ауылдық округі әкімшілігі ғимараты, мекен-жайы: Мырзабеков көшесі №40. 

Ескелді ауданы - 12 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт), Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі, әкімшілік ғимараты, мекен-жайы: Оразбеков көшесі №67. 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы: 

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz 

Инвестор: «Computer Vision Technologies”ЖШС info@cvtech.kz 

Жобалық құжаттама орналасқан интернет-ресурстың мекен-жайы: «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы QAJ.kz 

Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 289/6 (1 қабат, 5 каб.), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы. 

Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87. 

Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, almaty.info@qaj.kz. 

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: 

Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» Директоры Асматуллаев Р.Б.

Әзірлеуші: Филатов Д. 

Инвестор: «Computer Vision Technologies»ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков 

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.