icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Бүгін "QAZAUTOZHOL" ҰК" АҚ-ның басқарма Төрағасы Ұлан Әліповпен тікелей байланыс өтті

ZOOM қосымшасы арқылы өткен кездесуге орталық аппарат пен әр өңірлік филиалдың қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Ұлан Әліпов 2020 жылдың қорытындыларымен таныстырып, 2021 жылдың жоспарларымен бөлісті. 

Бүкіл әлемді дүрліктірген пандемияға қарамастан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген облыстық филиалдар ерекше аталып өтті. 

"Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында ақылы автожолдар желісін арттырудың тиімді тұстарына назар аударылды. Алдағы уақытта ақаусыз күтіп-ұстау жүйесіне ауысудың ерекшелігі де талқыға салынды. 

Әр озық компания заман талабына сай өзгерістерге ашық болуы тиіс. "QazAvtoJol" ҰК" АҚ да тиімді трансформация үлгілерін қарастыруда. Қоғамның нәтижелі қызметі мен қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету - басты ұстаным болатынына назар аударылды. Кездесу соңында қызметкерлер көкейінде жүрген сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын білдірді. 

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы Қоғам қызметкерлерінің өзара ынтымақтастығын арттыру, әрі өзекті мәселелерді шұғыл шешу мақсатында осындай тікелей байланыстардың жиілігін арттыруды ұсынды