«QazAvtoJol» ҰК» АҚ www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 2 мемлекеттік қызметті ұсынады:
- автомобиль жолдарын инженерлік желілердің (байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да желіліердің) кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салуға келісім беру;
- сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісім беру.
2020 жылы QazAvtoJol 872 мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметті ұсыну жөнінде электрондық құжат айналымын енгізу азаматтардың Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарының қызметіне сенімділігін арттырып, жемқорлықты жоюға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ автожолдарды пайдаланушыларға мемлекеттік қызметтерді уақытылы және жоғары деңгейде ұсынуды қатаң бақылауға алды. 2019 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша келісім берудің 3 фактісі бойынша мерзімнен кеш қалу жағдайы болса, 2020 жылы барлық қызметтер белгіленген мерзімге сәйкес ұсынылған.