icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"QAZAVOZHOL" ҰК" АҚ «KAZWAY» модульді павильоны мен жол бойындағы сервис нысандарын уақытша пайдалануға тапсыру жөніндегі аукционды қорытындылады

Екі апта бойы "Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалы директорының бұйрығымен жасақталған комиссия «KazWay» модульді павильоны мен жол бойындағы сервис нысандарын уақытша пайдалануға тапсыру туралы аукционға қатысуға өтініштер қабылдады. Аукционда ұсынылған 11 лот бойынша 11 әлеуетті жалға алуша қатысты. Нәтижесінде №4 және №5 лоттың жеңімпаздары анықталды. Бұл "Елхова Н.Г" ЖК және "Жусупов К.Ш" ЖК. Өзге лоттар бойынша келіп түскен өтініштердің саны 2-ден аз болғандықтан,  ол лоттар бойынша аукцион жүзеге аспады. 

Анықтама үшін: аукционға шығарылған «KazWay» модульді павильоны мен жол бойындағы сервис нысандары «Нұр-Сұлтан-Щучинск» км 18-230 учаскесінде орналасқан