icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар! 

Жаңа жылдың қарсаңында ескі жылдың қорытындысымен және болашақ жоспарлармен бөлісуді жөн көрдік. 

2020 жыл барлығымыз үшін күрделі сәттерге толы болды. Әлемді жаулаған вирус өмірді "пандемияға дейін"-"пандемиядан кейін" деп бөліп, түрлі жағдайда дұрыс шешімдерді жылдам қабылдауға үйретті. Дегенмен, еліміздің жол инфрақұрылысы саласында ауыз толтырып айтарлықтай жағымды жаңалықтар бар. 

Биыл республикалық маңызы бар 4000 шақырым тас жолдар құрылыс жұмыстарымен қамтылып, 2600 шақырымда көлік қозғалысына рұқсат берілді. Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысында 1900 шақырым жолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жобалар аясында 40 мың адам жұмыспен қамтылып, 18 мың арнайы техника жұмылдырылған. 

"Еститін мемлекет" ұстанымы бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығы жұмысын жалғастыруда. Биыл тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығында 100 мыңнан астам өтініштер қабылданып, біздің операторлар қысқа мерзімде жауаптар ұсынған. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 24 мың шақырым күре жолды қайта жаңартып, көлік қозғалысын қамтамасыз ету - біздің басты мақсатымыз. Бірлесіп осы белеске де жететінімізге сенеміз. 

Құрметті жерлестер! Жаңа 2021 жылмен құттықтаймыз! Келер жыл сәтті және нәтижелі болсын! 

Құрметпен, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ-ның Басқармасы