icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасының Орынбасары Арман Жүсіпов Қостанай облысындағы автожол жобаларының қарқынын тексерді

Жұмыс сапары барысында Арман Жүсіпов республикалық маңызы бар "Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай" тасжолының ұзындығы 114 шақырым км 389-515 учаскесін, сондай-ақ, Лисаковск қаласының маңындағы жол айрығын тексерді. 

2019-2020 жылдары Денисовка елді мекенінен Тобыл бекетіне дейінгі 60 шақырым жолда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген. Жаңа жол өткелі салынып, Лисаковск қаласының маңындағы жол айрығы бойынша көлік қозғалысына рұқсат берілген. 230 арнайы техника мен 580 білікті маман (оның 70% жергілікті мамандар) жұмылдырылған. Жобаның толық аяқталу мерзімі - 2021 жыл. 

Аталмыш жол учаскесі көптеген елді мекендерді өзара байланыстартын маңызды күре жол болғандықтан, қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесі бойынша өңірдің қарқынды дамуына мүмкіндіктер пайда болады. 

Іс-сапар барысында өзекті мәселелер талқыланып, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ-ның Қостанай облыстық филиалына сәйкесінше тапсырмалар берілді. 

Сонымен қатар, ҚР ИИДМ жергілікті құрылымдық бөлімшелерімен кездесу ұйымдастырылып, 2020 жылдағы жұмыстар қорытындыланды және 2025 жылға дейінгі жоспарлар талқыланды.