icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Аукцион

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары Дирекцисы» филиалы «Нұр-Сұлтан-Щучинск» км 18-230 учаскесінде орналасқан «KazWay» модульді павильоны мен жол бойындағы сервис нысандарын уақытша пайдалануға тапсыру туралы бағаны көтеру әдісімен аукцион өткізу туралы хабарлайды. 

Аукционды өткізу уақыты: «6» қаңтар 2021 жыл, сағат 15:00 

Аукционның өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаве көшесі 10, 31-қабат, 3104 кабинет, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары Дирекциясы» филиалы 

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мүлікті уақытша пайдалануға тапсыру туралы аукционды өткізу Ережелерінің талаптарына сәйкес келесі деректемелер бойынша кепіллдеме салымын жасау қажет: 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы 

ЖСК KZ936010111000191691 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Нұр-Сұлтан қ.филиалы 

КБЕ - 16 

БСК HSBKKZKX 

БСН 140241014416 

СТН 620300384154 

Жол бойындағы сервис павильоны «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары Дирекциясы» филиалының шотына 3 айлық жалдау ақысы көлеміндегі міндетті кепілдеме салымын жасағаннан кейін уақытша қолдануға беріледі. Аукцион өтпесе немесе қатысушы аукционда ұтылған жағдайда кепілдеме салымы қатысушыға қайтарылады. Аукционда жеңіске жеткен жағдайда, аталмыш кепілдеме салымы келісі міндеттемелерді өтеуге жұмсалады: 

1) аукционның нәтижелері бойынша хаттамаға сәйкес шарт жасау; 

2) жалға алу шарты бойынша міндеттерді сәйкесінше дәрежеде орындау. 

Аукцион жеңімпазының кепілдік салымы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін қайтарылады. 

Өтініштерді қабылдау мерзімі: «21» желтоқсан 2020 жыл, сағат 15:00 

Өтініштерді қабылдау мерзімінің аяқталуы: «5» қаңтар 2021 жыл, сағат 15:00 

Аукционға тіркелу үшін қажетті құжаттардың тізімі: 

1) аукционға қатысуға өтініш (үлгісі қосымшада); 

2) кепілдік салымды өтегенін дәлелдейтін, банк белгісі бар төлем құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (төлем құжатының түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады); 

3) жеке куәліктің немесе жеке кәсіпкерлікті дәлелдейтін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Заңды тұлғалар жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. 

4) ресми өкілдің уәкілеттігін дәлелдейтін құжат. Өтініштерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу үшін барлық құжаттар болуы тиіс. 

Аталмыш құжаттар толық болмаған жағдайда ұйымдастырушы қатысушыны тіркемейді. 

Толық ақпарат үшін: Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі 10, 31-қабат, 3104 кабинет, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары Дирекциясы» филиалы, 8 7172 64 87 48