2020 жылы аяқталған кезекті жобалардың бірі - "Алматы-Көктал-Байсерке-Междуреченский" автожолының км 30+250 учаскесінде Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы. 1972 жылы салынған көпір былтыр, 2019 жылы, жүкті өзі түсіретін техниканың әсерінен құлаған еді. Осылайша, 2020 жылы ұзындығы 700 метр, Н.Тілендиев елді мекеніне дейін жететін жаңа көпірді салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс барысында отандық өндірушілердің материалдары қолданды. Жаңа көпірдің құрылысы аясында жолшылар көпірдің жол жабынын толық ауыстырып, конустарды бекітіп, су бұру желісін орнатты. Жұмыстардың нәтижесі бойынша, жол жабыны ІІІ-техникалық санатқа және қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкестендірілді