"Монолит" жанар-жағармай құю бекеттерін Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарында орнату жоспарланған. Аталмыш кешендер Ұлттық стандарттардың талаптарына толық сәйкес болып, жанар-жағармай құю бекеті, дүкендер мен абаттандырылған жылы дәретханалардың қызметін ұсынатын болады.
Айта кету керек, елімізде аталмыш компанияның 14 жанар-жағармай құю бекеті нәтижелі жұмыс істеуде. Осындай кешендердің өңірлердегі құрылысы республикалық маңызы бар тас жолдардың бойындағы сервисті дамытуға үлес қосып, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға да септігін тигізеді.