icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Құттықтаймыз

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың бұйрығымен ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Министрдің Құрмет грамотасымен "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Құқықтық жұмыс департаментінің директоры Олжас Бекенов, "Балқаш-Бурылбайтал" жобасының маманы Алтынбек Өмірзақов, сондай-ақ, Министрдің Алғыс хатымен бухгалтерлік есеп департаментінің І-санаттағы менеджері Ажар Әділбекова марапатталды.

Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытуға қосқан үлесі және адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Басқарма төарағасының Құрмет грамотасымен

1. Рашид Рафиков

2. Аягөз Бекенова

3. Әйгерім Зейнешева

4. Асыл Жанкин

5. Алтай Сәркен

6. Павел Чжен

7. Еркен Шералиев

8. Гүлмира Сугралина

Басқарма төрағасының Алғыс хатымен:

1. Алия Женашева

2. Әли Есентай

3. Марат Шаймерденов марапатталды.

Сондай-ақ, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ командасы Қазақстандық әуесқой футбол лигасының қысқы маусымын қола жүлдегер ретінде аяқтады. 2017 жылдан бастап біздің футболшылар биік шыңдарды бағындырып, өз жетістіктерімен жанкүйерлерін қуантудан жалығар емес. Нұр-Сұлтан қаласының Біріншілігінде керемет шеберлік, қажымас қайраттарын көрсетіп кезекті белестерін бағындырды.

Турнирдың қорытындысы бойынша теңбіл доптың хас шебері Сапабек Аслан "Үздік шабуылдаушы" номинациясын қанжығасына байлады.

Биыл Басқарма төрағасы және Кәсіподақ комитеті төрағасы атынан үздік қызметкерлеріміздің ата-аналарына алғыс хаттар жолданып, жыл қорытындысы бойынша 35 отбасыға құттықтаулар жіберілді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында "QazAvtoJol" ҰК" АҚ мен мердігер ұйымдардың қатарынан жалпы жиыны 224 қызметкер марапатталды.