Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында бірқатар автожол жобалары аяқталды

Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында бірқатар автожол жобалары аяқталды

Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында бірқатар автожол жобалары аяқталды

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында бірқатар тас жолды қайта жаңарту жұмыстары аяқталды: 

• Үшарал-Достық, км 30-60. 

Бұл учаске Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. Бас мердігер - "Қыран" ЖШС. Ұзындығы 30 шақырым учаскедегі жұмыстарға 265 маман мен 144 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыс өндірісінің сапасын бақылау мақсатында жол-құрылыс зертханасы мен геодезия тобы жасақталды. Бүгінде нысандағы жұмыстар толық аяқталып, жоба пайдалануға берілді.  

• Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы (Нүкіс), км 0-85. 

Ұзындығы 85 шақырым учаскедегі бас мердігер "Теміржол жөндеу" ЖШС. Қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесі бойынша күре жол ІІ-тенхникалық санатқа сәйкестендірілді. Жолшылар су өткізгіш құбырларды, жол өткелін, 1 жол айрығын, сыртқы жарықтандыру, барьерлік қоршаулар мен жол белгілерін орнатты. Бүгінде учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары 100% аяқталды.  

• А-27 Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань), км 833-853. 

Қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған учаскенің ұзындығы 20 шақырымды құрайды. Мердігер - "СинеМидасСтрой" ЖШС. Бүгінде учаске ІІ-техникалық санатқа сәйкес, екі жолақты тас жол. Жолшылар 8 автобус аялдамасын, су өткізгіш құбырлар мен жарықтандыру желісін, жол белгілерін орнатты. Қазіргі таңда учаске бойынша қауіпсіз және үздіксіз көлік қозғалысы қамтамасыз етілген.