icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Ақтөбе-Қандыағыш» тас жолын қайта жаңарту жұмыстары басталады

Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен  "QazAvtoJol" ҰК" Басқарма Төрағасы Ұлан Әліповтың кездесуі өтті. 

Жүздесу барысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағыш» тас жолын қайта жаңарту жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды. 2021 жылы құны 62 млрд тг. Ақтөбе қаласынан Қандыағашқа дейінгі жолдың сапасын жақсарту жұмыстары басталмақ. Осыған орай Басқарма төрағасы жолды салу барысында қолдау көрсету мәселесін тілге тиек етті. Облыс әкімі маңызды шараны бірлесе атқаруда жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізе отырып, жұмысты мобилизациялау ұсынысын білдірді. Яғни, желтоқсан айында дайындық шараларын толық аяқтап, келесі жылы нақты іске кірісу қажет. Жиын қорытындысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашовқа ұлттық компанияға әкімдік тарапынан көрсетілетін қолдауды сапалы ұйымдастыру тапсырылды. Айта кетейік, «Ақтөбе-Қандыағыш» жолын алдағы үш жылда толық аяқтау жоспарланған. Жоба аясында жолдың 64,039 шақырымын қайта жаңарту, 32,014 шақырымда жаңадан жол құрылысын жүргізу, екі жаңа көпірдің құрылысы және 9 көпірді қайта жөндеуден өткізу жұмыстары жасалатын болады.