icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ-да қыс мезгіліне жол битумы мен полимерлі-битумды тұтқырлағышты дайындау мәселесі бойынша жиналыс өтті

27 қараша күні «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліповтың төрағалығымен қыс мезгілінде жол құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстары аясында жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу кезінде битум мен полимерлі*битумды тұтқырлағышты дайындау мәселесі жөнінде жиналыс өтті. 

Құрылыс науқаны, яғни шілде, тамыз және қыркүйек айларында мердігер ұйымдар битум тапшылығына байланысты жұмыс қарқынын бәсеңдетуге мәжбүр болған еді. Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарамасы, Түркістан қаласындағы әуежайдың құрылысы, «Өңірлерде жұмыспен қамтудың жол картасы» аясындағы құрылыс нысандары іспеттес инфрақұрылымдық жобаларға байланысты зауыттардың өндірістік қабілеті жүзеге асырылудағы жобаларға жеткіліксіз болды. 

Сол себепті, жиынға қатысушы «БитОйл» ЖШС, «Торгово-промышленная компания-Энерго плюс БМ» ЖШС, «ЮнидАс-групп» ЖШС компаниялары қыс мезгілінде битум, түрлі қоспалар мен полимерлі-битумды тұтқырлағыштарды пайдалану мен алдын-ала дайындау мәселесін талқылады. 

Жиналыстың қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы мердігер ұйымдарға битум тапшылығының алдын-алу және бағаның өсуін болдырмас үшін 2021 жылғы құрылыс жобаларына қажетті битумды қыс-көктем мезгілінде 100% дайындауды тапсырды.