icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ Орал қаласы мен Теректі ауданында қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы хабарлайды

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Орал", "Орал-Самара" автожолдарында төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында "ашық" ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаулар 2020 жылғы «25» қараша күні, сағат 10:00-де Орал қаласында, 15:00-де Теректі (жергілікті уақыт) ауданында өтеді. 

Қоғамдық тыңдаулар Instagram парақшасындағы тікелей эфирде көрсетілетін болады.