icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ Сырым және Қобда ауданында қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы хабарлайды

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Орынбор», «Ақтөбе-Орал» автожолдарында төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында "ашық" ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаулар 2020 жылғы «24» қараша күні, сағат 10:00-де (жергілікті уақыт бойынша) Қобда және Сырым аудандарында өтеді. Қоғамдық тыңдаулар Instagram парақшасындағы тікелей эфирде көрсетілетін болады.