icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ Ақтөбе облысында қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы хабарлайды

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Орынбор», «Ақтөбе-Орал» автожолдарында төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді. 

Бұл учаскелер бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізу жоспарланған. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаулар 2020 жылғы «23» қараша күні, сағат 10:00-де Ақтөбе қаласында , 14:30-да Мәртөк және Шыңғырлау елді мекендерінде өтеді. 

Қоғамдық тыңдаулар Instagram парақшасындағы тікелей эфирде көрсетілетін болады.