Биыл 6-қараша күні "QazAvtoJol" ҰК" АҚ облыстық филиалдармен біріге отырып, мемлекеттік тапсырманы орындау аясында "жасырын" мемлекеттік қызметті ұсыну мен мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасы бойынша ZOOM арқылы бейне-конференция ұйымдастырылды. Жиналысқа Цифрлық трансформация деартаменті, Автомобиль жолдарының комитеті мен "Ұлттық ақпараттың технологиялар" АҚ басшылары қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезіндегі негізгі мәселелер талқыланды.
Нәтижесінде келесі тапсырмалар берілді:
- "QazAvtoJol" ҰК" АҚ мемлекеттік қызметтерді ұсынудың уақтылы және сапалы деңгейінің бақылауын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтерді ұсынудың, оның ішінде өтініштерді қабылдау және әрекет ету мерзімін ұстану бойынша нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау;
- "Е-лицензиялау" ақапараттық жүйесіндегі техникалық ақаулар бойынша жылдам әрекет ету.