Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қыркүйек айында Қазақстан халқына жасаған жолдауын жүзеге асыру аясында және 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар автожолдарды сервиспен қамтамасыз ету үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «QazAvtoJol» ҰК» АҚ мен «Compass» жанар-жағармай құю автобекеттер желісі арасында ынтымақтастық туралы мәмілеге қол қойылды.
Аталмыш құжат негізінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында жалпы құны 31 млрд теңгеге 35 заманауи кешеннің құрылысы көзделген.
Осындай нысандардың бірі жақын арада өзінің алғашқы қонақтарын қарсы алуға дайын болмақ. Ол - Алматы облысында, Алматы қаласынан 20 шақырым ұзақтықта, Қапшағай күре жолының бойында орналасқан «Compass» компаниясының жанар-жағармай құю бекеті.
Әлемдік үлгідегі заманауи кешенде жанар-жағармай құю бекетімен қатар асхана, ауыр жүкті тасымалдайтын көліктерге арналған тұрақ, жылы дәретханалар болады.
Бүгінде кешеннің аумағын абаттандыру жұмыстары (асфакльтбетон жабынын төсеу, жарықтандыру және т.б.) тәмәмдалуға таяу. Бұл жоба аясында 100-ден астам жаңа жұмыс орындары пайда болады.
Нысанның жоспарлы ашылу мерзімі – 2020 жылғы 16-желтоқсан