icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Автожүргізушілер назарына!

Биыл 14-қазан күні "Нұр-Сұлтан-Щучинск" ақылы учаскесінің 75-шақырымындағы (Шортанды) жол өтпесінде барлық автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын білесіздер. 

«ҚазЖолҒЗИ» АҚ-ның ұсыныстарына сәйкес, қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етуге қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Қазіргі таңда «Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы учаскесінің 75-шақырымындағы жол өтпесі (Шортанды) бойынша көлік қозғалысына рұқсат етілді. Сәйкесінше жол белгілері орнатылды.