Қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген учаскенің ұзындығы 6,5 шақырымды құрайды. Жұмыстарды "Казахдорстрой" ЖШС жүргізіп, "Жол Консалтинг" ЖШС техникалық бақылауды жүргізді.
Бүгінгі күні учаске Іб техникалық санатына сәйкестендіріліп, толық 4 жолақты болды.
Жолшылар 10 су өткізгіш құбырды, 6,5 шақырым жарықтандыру желісін, 13,7 шақырым қоршау, 3 шақырым қарға тосқауыл болатын қоршау мен 69 жол белгісін орнатты.
Қазіргі таңда учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған.