«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді:
- М-32 «Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға)-Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы», км 526-710, км 763-1240.
- А-24 «Ақтөбе-Мәртөк-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға)» км 7,3-99,692. Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі.
Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады.
Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны:
Ырғыз ауданы 20 қараша 2020 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы, «Арай» Мәдениет үйі ғимараты, мекен-жайы: Ә.Жангелдин көшесі №37.
Әйтекеби ауданы 20 қараша 2020 жыл, сағ.14:30 (жерг.уақыт), Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, аудандық клуб ғимараты, мекен-жайы: Әйтеке би көшесі №5.
Ақтөбе қаласы 23 қараша 2020 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Ақтөбе қалалық Астана ауданының ғимараты, акт залы, мекен-жайы: Сәңкібай батыр даңғылы №145Б.
Мәртөк ауданы 23 қараша 2020 жыл, сағ.14:30 (жерг.уақыт), Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылдық округі әкімшілігі ғимараты, мекен-жайы: С.Сейфуллин көшесі №38.
Қобда ауданы 24 қараша 2020 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Қобда ауданы, Қобда ауылдық округі мәдениет үйі ғимараты, мекен-жайы: Әбілқайырхан көшесі №36.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы:
«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz
Инвестор: «Computer Vision Technologies”ЖШС info@cvtech.kz
Жобалық құжаттама орналасқан интернет-ресурстың мекен-жайы:
«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы QAJ.kz
Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай:
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 89 (3 қабат, 301 каб.), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы.
Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 33 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87.
Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, aktobe.info@qaj.kz.
Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» Директоры Асматуллаев Р.Б. Әзірлеуші: Филатов Д. Инвестор: «Computer Vision Technologies»ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков
Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.