icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан-Щучинск» тас жолында музыкалды дыбыс жолақтары орнатылды

Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында шетелдік (Германия, Корея, АҚШ, Жапония, т.б.) тәжірибелерге негізделе отырып «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Нұр-Сұлтан-Щучинск ақылы учаскесінде «музыкалды жолақтар» пилоттық жобасы енгізілді. Жобаның мақсаты – көлік апатының қаупі бар учаскелерде қозғалыс жылдамдығын төмендету. Суық пластиктен жасалған жаңа үлгідегі дыбыс жолақтары мен автокөлік дөңгелектерінің белгілі жылдамдықтағы үйкелісі нәтижесінде әуен үні естіледі. Бұл технология елімізде алғаш рет қолданылуда. Тәжірибе нәтижесі бойынша, автокөлік сағатына 90 шақырым жылдамдықпен қозғалған кезде дыбыс жолақтарының үні өзгеріп, жүргізушінің көңілін аударып, жылдамдықты азайтуға себепші болады. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ келер жылы «музыкалды жолақтарды» Қазақстанның өзге жолдарында да орнатуды жоспарлауда. Ақпарат үшін: Дыбыс жолақтары – бедерлі жолақтар түріндегі арнайы жол белгілері. Аталмыш белгілер жол-көлік оқиғасының, жылдамдықты асыру фактілерінің, көлікті жүргізу барысында ұйықтап кетудің алдын-алу үшін қолданылады. Автокөлік белгліерден өткен кезде тербеліс (вибрация) пайда болып, жүргіушінің жол қозғалысы жағдайына назарын аудартады.

ВИДЕОБЕЙНЕ