icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

А-27 «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахань бағыты) 833-893 шақырым аралығында ұзындығы 60 шақырым учаскісінде қайта жаңғырту жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Атырау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының А-27 «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахань бағыты) 833-893 шақырым аралағында қайта жаңғырту жұмыстары атқарылуда. 

 Қазіргі уақытта құрылыс алаңында «СП «СинеМидасСтрой» ЖШС мердігер мекемесі жұмысын атқаруда. Техникалық қадағалау және техналогиялық қолдау «Тико-1» ЖШС және «ZS Engineering» ЖШС мекемелері жүзеге асыруда. Бұл жобаның жалпы құны 22 мрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мақсатында 200 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, 125 арнайы техника жұмылдырылды. 

 Көлік қозғалысы үшін аталған жоба бойынша жолдың төмеңгі қабатымен ағымдағы жылдың аяғына дейін ашылуы жоспарлануда.