icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов «Қарағанды-Балқаш» учаскесіндегі жұмыстардың барысын тексерді.

Тас жолдың ұзындығы 363 шақырымды құрайды. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқыны артқан сәт. 

Учаскедегі жұмыстарды «СП ҚазГерСтрой» және CITIC Construction Co.Ltd компаниялары жүргізуде. Жоба бойынша автожол төрт жолақты, І-б техникалық санатына сәйкес болады. Автожолдың енін кеңейтудің нәтижесінде жол-көлік апаттарының саны төмендеп, көлік қозғалысының белсенділігі де артады. 

Жоба бойынша 47 көпір мен жол өткелінің, елді мекендердің маңайында демалыс алаңдары мен автопавильондардың құрылысы көзделген. Сондай-ақ, учаскеде 295 су өткізгіш құбыр орнатылады. 

Бүгінгі таңда 25 млн. м3 жер жұмыстары орындалды; 213 шақырым қосымша қабаты, 160 шақырым жоғарғы негіз қабаты және 122 шақырым төменгі жабын қабаты. 

Автожолды қайта жаңарту жұмыстарына 2,3 мың білікті жолшылар мен 1130 арнайы техника жұмылдырылған. Мердігер ұйымдарға биылғы жылдың соңына дейін жаңа жол жабыны бойынша көлік қозғалысына рұқсат беру тапсырылды. Мердігер ұйымдарға биылғы жылдың соңына дейін жаңа жол жабыны бойынша көлік қозғалысына рұқсат беру тапсырылды.