Республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автомобиль жолын пайдалану барысында Ақмола облысының Шортанды кенті маңайындағы 75-ші шақырымында көлік айрығында жол өтпесінің металл плиталары арасында кеңістік түрінде ақау пайда болды. "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Ақмола облысының Шортанды ауданының ТЖД (төтенше жағдайлар департаменті) және әкімдік өкілдерімен, Ақылы автомобиль жолдары дирекциясымен, «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен бірлесіп осы жол өткеліне комиссиялық тексеру жүргізді. Комиссия, жол өтпесі бойынша автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жол жүрісін уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Жол өтпесін жақын маңдағы Мықтыкөл және Дамса ауылдарының көлік айрықтары арқылы айналып өтуге болады. Анықталған ақаулар қысқа мерзімде жойылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.