icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ» жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы жол саласында еңбек еткен, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагерлерді, 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Қарияларға жылы лебіздермен қоса, арнайы сыйлықтар мен мараптаттар табысталды. 

Құрметті ардагерлер! Сіздерді 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны біз үшін бөлек. Жас ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалықпаңыздар. Алдымызда өміріміздің бағдаршамы болып, аман-есен жүріңіздер. 

Құрметпен, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ